«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Кандидатқа, саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда олардың осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келісімi болуға тиiс. Жазбаша келісімi жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Осы Конституциялық заңға сәйкес міндетті түрде жариялануға жататын мәліметтер жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссияларының интернет-ресурстарына орналастырылады. Мерзімді баспасөз басылымдары сайлау комиссияларының хабарларын Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен және көлемде республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастырады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9. Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде сауал жүргізген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.

Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді.

Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді

29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламасы

Президенттікке, мәслихат депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болуға кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзінің болашақ қызметінің сайлау алдындағы бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғыс, қарулы қақтығыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдық немесе алауыздық, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру идеясы, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақыру уағыздалмауға тиіс.

Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден, саяси партияның партиялық тiзiмін тiркеуден бас тартуға, ал кандидат немесе саяси партия мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмн күш жоюға құқылы.

 

30-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 31-бап өзгерді

31-бап. Сенім бiлдiрген адамдар

1. Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, кандидаттар, саяси партиялар мүдделерiн білдіретін сенім бiлдiрiлген адамдары болуына құқылы.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кандидаттар, партиялық тiмдер ұсынған саяси партиялар сенім бiлдiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округіндегі әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үш тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.

Кандидат, саяси партия сенім бiлдiлген адамдар ретiнде ұсынған адамдар тиiстi сайлау комиссиясына өз сенім бiлдiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтінішін табыс етедi.

3. Сайлау комиссиясы сенім бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Сенім білдірілген адам Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы болуға тиіс, ол Президенттікке, Құрылтай, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мүше болуға кандидат, қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, саяси мемлекеттік қызметші лауазымындағы адам болмауы керек.

5. Сенім білдірілген адамдар Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады және кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның өздеріне жазбаша нысанда берген өкілеттігі шегінде әрекет етеді.

6. Сенім білдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз ұйғарымымен, кандидаттың және партиялық тізiмiн ұсынған саяси партияның шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзімдi тіркеудiң күшi жойылған, осы Конституциялық заң бұзылған жағдайларда өз мәртебесiнен айырылады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Дауыс беру күні және оның алдындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.

Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.

 

 

6-тарау. Сайлауды қаржыландыру

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268-III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 33-бап өзгертілді

33-бап. Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттiң, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихаттар депутаттарын кері шақырып алу республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетін бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібi Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленеді.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Әкімдерді сайлау жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттар үшін ашылатын шоттары арқылы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Осы мақсаттарға арналған бюджет қаражатына билік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.

2. Республикалық бюджет қаражатынан:

1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне, электронды сайлау жүйелерінің пайдаланылуын қамтамасыз ететін мамандарға еңбек ақы төлеуге;

2) осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне;

3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiлетiн кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткізуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;

4) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiкке;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенттікке, мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы, сондай-ақ партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығындары жабылады.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Жергілікті бюджет қаражатынан:

1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне, үй-жайларды жалға алуға, іссапар шығыстарына, консультанттардың, сарапшылардың, электрондық сайлау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) әкім болуға кандидаттардың осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуіне;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес өткізілетін әкім болуға кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) әкім болуға кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшердегі көліктік шығыстарына;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын әкім болуға кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.

Әкім болуға кандидаттарға бөлінетін, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген шығыстардың мөлшерін тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауға, референдумға дайындыққа және оны өткізуге арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты сатып алуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.

Сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауға, референдумға дайындыққа және оны өткізуге арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты сатып алу Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Қазақстан Республикасындағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасындағы сайлаумен байланысты іс-шараларды қаржыландыруға және өзгедей қамтамасыз етуге қатысуына тыйым салынады.

4. ҚР 2005.15.04. № 44-III Конституциялық Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді

34-бап. Сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Президенттікке, мәслихат депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіті осы Конституция лық заңда белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорларынан басқа қаржыландыруды тартуына немесе өзге де материалдық көмекті қабылдауына тыйым салынады.

2. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Сайлау қорлары мынадай көздерден:

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) кандидатқа оны ұсынған Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестігі бөлген қаражаттан;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтарынан құралады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтарына тыйым салынады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана жұмсалуы мүмкін. Қорға түскен жалпы ақша сомасы мен ерікті қайырмалдықтардың сомасы, оның көзі және сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде:

Президент, Құрылтай депутаттарының сайлауы кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;

мәслихаттар депутаттарының сайлауы кезінде аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

5. Аталған көздерден сайлау қорларына жолдануы мүмкiн ақшалай қаражаттың шектi мөлшерi осы Конституциялық заңның Ерекше бөлiмiнде белгiленедi. Белгiленген мөлшерден артық түскен ақша қаражаты сайлау қорына есептеуге жатқызылмайды және оларды қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылып берiледi. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. Дерегi жоқ қайырмалдықтар республикалық бюджет кiрiсiне енгiзiледi.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты кандидат, партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн тиiстi сайлау комиссиясының жазбаша ақпараты негізінде Орталық сайлау комиссиясы айқындаған банктерде кандидаттар, саяси партиялар ашатын арнаулы уақытша шотқа есепке жатқызылады. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Осы Конституциялық заңда аталған мақсаттар үшiн сайлау қорының қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға берiледi. Банктер тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп бередi. Тиiстi сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәлiметтер жиырма төрт сағаттың ішiнде берiледi. Арнайы уақытша шот ашу, сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртібін және тиісті банк мекемесін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша қаражаты осы Конституциялық заңға сәйкес тиісті шешімге шағым жасау кезеңі өткеннен кейін оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылуға жатады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.

8. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысулар, міндеттi аударымдар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сайлаудың алдындағы күнi сағат 18-де тоқтатылады.

Қайта дауыс беру өткізілген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсіруге рұқсат берілген ақшаның шекті сомасы бір жарым есе ұлғайтылады.

Қайтадан дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады.

Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы осы Конституциялық заңмен белгiленген шектен аспауғa тиiс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған сайлау қорының ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады.

10. Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның осы баптың 1-8-тармақтарында белгiленген ережелердi, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген сайлау қорлары қаражатын жұмсау тәртібін бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға, ал сайлау өткiзiлгеннен кейiн кандидаттың Президент, Құрылтай депутаты, мәслихат депутаты, өзге де жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшесi ретiнде тiркелуiне дейін тиiстi аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

35-бап. Сайлау шараларын сайлау комиссияларының қаржыландыруы

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Президент, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде сайлау іс-шараларын қаржыландыруды, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихаттар депутаттарын кері шақырып алуды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

2. Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай қаражатқа иелiк етедi және қаржы құжаттарының сайлау комиссияларының қаржы мәселелерi жөніндегі шешiмдерiне сай келуi үшiн жауап бередi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 36-бап өзгертілді

36-бап. Сайлау науқанын өткізуге бөлiнген қаражаттың жұмсалуын бақылау

1. Сайлау науқандарына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты кандидаттардың жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары және банк мекемелерi жүзеге асырады.

3. Тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша аталған бақылауды жүргiзуге өздерiнiң құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдардың мамандары тартылуы мүмкiн.

 

 

7-тарау. Дауыс беру тәртібі

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 37-бап өзгерді

37-бап. Сайлау бюллетенi

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып, барлық тіркелген кандидаттар және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне жеребемен айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргізеді. Жеребе тартуды жүргізудің тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Орталық сайлау комиссиясы кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды.

2. Сайлау бюллетеньдерi мемлекеттік тiлде және орыс тілiнде басылады.

Сайлау бюллетеньдерi сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 процентi резервiмен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Сайлау бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен жеткізіледі.

4. алынып тасталды

5. Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй мөрлеп бекiтіліп, iшкi iстер органдарының күзетуiне тапсырылады.

 

14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді

38-бап. Дауыс беру уақыты мен орны

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттi, Парламент Мәжілісi мен мәслихаттар депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау жөніндегі дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырмаға дейiн өткiзiледi. Аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат алтыдан ерте бастап, сағат жиырма екiден кеш аяқтауға болмайды. Дауыс берудi бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық комиссиялардың шешiмi сайлаушылардың назарына жеткізілуге тиіс.